Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам"

12 апреля 2017 - Касенова Марал

 Қазақ поэзиясының көгіне өрмелеп шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылып отыр. Айтулы шараға солтүстік қазақстандық оқырмандар да қатысуда.

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында 2007 жылдан бері "Бір ел - бір кітап" акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ең алғаш Абайдың "Қара сөздерінен" бастау алған акция барысында М.Әуезовтің, М.Жұмабаевтың, Ж.Молдағалиевтің, Ж.Аймауытовтың, О.Бөкейдің, Ф.Оңғарсынованың, С.Мұратбековтің, І.Есенберлиннің, Д.Бабатайұлының шығармалары қалың жұртшылық назарына ұсынылды.

"Жыл кітабы - 2017" таңдауы "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!" деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсуі тегін емес. Оның артында өскелең ұрпаққа тәлімі мен тағылымы мол мұрасы қалды. Ақынның бірнеше лирикалық өлеңдері, мақалалары мен романдары қазіргі жастарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің таптырмас көзі.

- "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын кеңінен насихаттауды қолға алдық. Бұл шара бойынша жоспар құрылып, наурыз айынан бері жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Акция қыркүйек айына дейін жалғасады. Ақынның "Қамар сұлу", "Кім жазықты?", "Адасқан өмір", тағы басқа да шығармаларын жастарымызға үлгі ретінде көрсетуімізге болады. Оның шығармалары заманымызға келген үлкен сый, тамаша тарту, - дейді С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың оқу орталығы бөлімінің жетекшісі Марина Маликова.

Облыстық кітапхана ұжымы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын тарату мақсатында виртуалдық шолулар, әртүрлі аудиторияға арналған дәрістер, слайдтар мен көрмелер жоспарлап отыр.

Ләйла Жанысова, Суретті түсірген Талғат Тәнібаев.


"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам".Жанысова.Л,Тәнібаева.Т, // Солтүстік Қазақстан. – 8 сәуір. - 8 б. – 2017.

Комментарии (0)