Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Ағайынды Гримм ертегілерінің әлемі

14 апреля 2017 - Касенова Марал

Сабит  Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Кассель қаласынан (Германия) ағайынды Гриммдер музейінің "Ағайынды Гримм ертегілерінің әлемі" көрмесінің тұсау кесері өтті.Көрме Қазақстан мен Германияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орайластырылды.

Көрменің мақсаты: белгілі герман ертегішілері - ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Шараға Қазақстан бойынша шетелдегі мектептер ісі жөніндегі орталық ведомствоның үйлестірушісі Марио Шёнфельд пен облысымыздың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ағайынды Якоб пен Вильгельм Гримм бүкіл әлемге өздерінің ертегілерімен белгілі. Алайда, олар тек ертегі жазумен ғана айналысқан жоқ, оларды неміс халқының дәстүрі, ел тарихы, ана тілі мен әдебиетінің тарихы да қызықтырды. Неміс тілі мен әдебиеті туралы ғылым - германистиканың негізін қалаған да ағайынды Гриммдер болатын Гриммдердің отбасында Якоб пен Вильгельмнен басқа суретші Людвиг Эмиль Гримм болды. Ол -Якоб пен Вильгельм ертегілерін алғашқы иллюстрациялаушы және өз әулеті жайлы көптеген суреттердің авторы. Сондай жұмыстарының бірі - Якоб пен Вильгельмнің 1843 жылғы атақты портреті. Ол да көрмеге қойылған.

Көрмеде Якоб және Вилыельм Гриммнің ертегі жазуына қатысты құжаттары мен "Қызыл телпек", "Ұйқыдағы ару", "Белоснежка" ертегілеріне салынған белгілі иллюстрациялар таныстырылды. Ертегіші ағайындылардың сирек фотосуреттер, қолжазба материалдарында - балалық шақтан бастап ағайындылардың Берлиндегі соңғы жылдарына дейін қамтылған.

Тағы бір маңызды тақырып -ағайынды Гриммдердің халықаралық байланыстары. Көрменің бір бөлімі олардың Еуропа мен Ресейдің ғылыми қауымдастығымен қарым-қатынасына арналған. Якоб Гримм Петербург ғылым академиясының мүшесі болған, ағайындылардың мұрасынан олардың белгілі Ресей ғалымдарымен хат алысып тұрғаны жөнінде құжатты көруге болады.

Көрме бұған дейін Семей, Өскемен және Павлодар қалаларында өткен болатын Біздің қаламен Қазақстанға сапарларын аяқтамақшы.

Айгүл Хамзина, "Суреттерді түсірген Талғат Тәнібаев.


Хамзина.А Тәнібаев.Т Ағайынды Гримм ертегілерінің әлемі // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 13 сәуір. - 16 Б.

Комментарии (0)