Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Сағыныштан туған картиналар

 Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Казақстан»

Бәлкім, оның есімін казақстандықтар біле бермеуі мумкін. Өйткені өткен ғасырдың 90-жылдары отбасымен Германияға қоныс аударған ол 20 жылдан беріатамекеннен жырақ жерде өмір сүріп келеді. Бірақ сыртта жүрсе де, еліміздегі түрлі мәдени шараларға белсене қатысып жүр. 2014 жылы Астанада өткеншетел қазақтарының халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдеге ие болған. Бұдан баска бірнеше рет додалы байкаулардың лауреаты атанған. Оның жеке көрмесі Германияның көптеген қалаларында, Польша, Эстония, Ресей, Италия, Нидерланд, тағы басқа мемлекеттерде ұйымдастырылып, өнер сүйер қауым тарапынан жоғары баға алған.
С.Мұқанов атындағы ғылыми-көпшілік кітапханада жерлесіміз, Германияда тұратын қазақ суретшісі Болат Мекебаевтың «Туған жерге сүйіспеншілікті сурет пен сөз жеткізер» атты шығармалар көрмесі ұйымдастырылды.
«Долгая дорога к встрече» атты кітабының тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сезінде шалқар шабыт иесі шығармаға сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған неміс халқының ата-баба қонысынан еріксіз жер аударылған қиын да қилы тағдыры арқау етілгенін жеткізді.
Оның негізгі мамандығы - суретші. Сол себепті болар сан алуан тақырыпты қамтитын галереялар топтамасынан кәсіби шеберлікпен кестеленген шығармашылық қуатты, философиялық терең ойды, ұлттық рухты, елге, жерге деген таңғажайып махаббатты анық аңғаруға болады.
Б.Мекебаев Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетін бітіріп, кәсіби кескіндеме тәсілдерін меңгерген. Мәскеуде Н.Корниловтың шығармашылык шеберханасында дәріс алып, жұмыс істеген.

- Алғашқы суретті бірінші сыныпта салдым. Өнерге деген құштарлығымды алдымен әкем байқап, батасын берген. Қазір менің жолымды балаларым мен немерелерім жалғастырып келеді, - деген ол шетелге не себепті қоныс аудардыңыз деген сауалға былай жауап берді:

- Қазақстан егемендік алған қиын-қыстау тұста шығармашылық адамдарына өте ауыр тиді. Сосын жұбайым Елена екеуіміз ақылдасып, Германияға кетуге бел будық. Бір қызығы, осы елде отан алдындағы азаматтық борышымды атқарған едім. Қайта оралатынымды кім болжапты? Туып-өскен жерім - сұлулығы сұқтандыратын Бурабай маңындағы Баймырза ауылы.

- Тіл білмеу бірден сіңісіп, орнығып кетуге кедергі келтірген болар?

- Әрине, бүгінгі күннің жастары секілді полиглот болғанға не жетсін! Немісше бір ауыз сөз білмегендіктен қатты қиналдым.

Остервик қаласында тазалыққа жауапты күзет мекемесіне жұмысқа орналасып, түнде сурет салумен айналыстым. Жергілікті басшылық өнердегі «өлермендігімді» бағаласа керек, жертө-леден бір бөлмені босатып беріп, шеберханаға айналдырдым.

-Ауыл баласының жат елді, оның ішінде анау-мынауға селт ете қоймайтын неміс халқын мойындатуын қалай сезінесіз?

-Шыны керек, ол жағына мән бермеппін. Ол уақытта бөтен мемлекетте қалай өмір сүреміз, бала-шағаны қайтып асыраймыз деген мәселелер көбірек мазалайтын. Мигранттар лагерінде болғанымыз есімнен кетпейді. Жеке көрмемді өткізу туралы қала шіркеуінен шақырту алғанда жүрегім жарылардай қуанғанмын. Алғашқы тырнақалды шара өз денгейінде еткеннен кейін өтініш айтушылар көбейді.

- Кей картиналарыңыз 10 мың еуроға бағаланған көрінеді.

- Ондай сомаға сатып алғандар болды. Өзіміздің шағын бизнесіміз де бар.

- Бір көрмеңізді «Үйге aпapap ұзақ жол» деп атапсыз. Оның сырын түсіндіре кетсеңіз?

- Мен түркі ұрпағы екенімді әркез мақтаныш етемін. Ата-баба мекенін бір сәт те естен шығарған емеспін. Жас ұлғайған сайын сағыныш сезімім өршіп, туған жерге оралсам деген уайым басып барады. Анам мен бала кезімдегі күшік бейнеленген картина балалық шағымньң ұмытылмас бір ескерткіші секілді. Өмір — өзіңді-өзің тану жолы. Өткінші мен мәңгілік арасындағы талас-тартыста елге, халықка адал, абыроймен қызмет етуден асқан бақыт жоқ екенін анық ұғындым. Оған жету жолы қиын, күрделі, тайталастарға толы. Сонысымен қызықты.

Төл туындыларымның арасында «Күту», «Наурыз», «Көне руна құпиясы» картиналарым ерекше ыстық.

Суретші Болат Мекебаевтың Қызылжарда ұйымдастырылған картиналар көрмесі мен кітап сатылымынан түскен қаражат қатерлі ісік ауруына шалдыққан Анастасия Морозованың ем-домына жұмсалатын болып шешілді.

Солтүстік Қазақстан облысы


Өмір ЕСҚАЛИ Сағыныштан туған картиналар // Егемен Қазақстан. - 2017. - 30 қазан. - Б.12 

Комментарии (0)