Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Правила пользования библиотекой

16 мая 2012 - Администратор

 

                        

  «С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ пайдалану ережелері

 
 1. Жалпы ережелер

1.1. «С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан кейін – Кітапхана) Солтүстік Қазақстан облысының әмбебап сипатты Орталық мемлекеттік кітапханасы болып табылады және ақпараттық, білімдік, мәдени-ағартушылық қызмет атқарады.

  1.2. Кітапхананы құрушы – Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы.

 1.3. Осы ережелер пайдаланушылардың қорларға қолжеткізу ережелерін, қызметтер тізімі мен оларды көрсету шарттарын анықтайды, қолданыстағы республикалық және облыстық заңнамаға (ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Мәдениет туралы» Заңы) сәйкес пайдаланушылар мен Кітапхананың өзара қарым-қатынасын реттейді, сондай-ақ пайдаланушылар мен Кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

 1.4. Пайдалану ережелерін Кітапхананың барлық қызметкерлері мен пайдаланушылары сақтаулары тиіс.

 1.5. Кітапхананы пайдалану құқығына жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, сондай-ақ Кітапханаға электрондық ақпараттық желілер арқылы жүгінген адамдар да ие.

 1.6. Мына азаматтар Кітапхана пайдаланушысы бола алады:

§  Қазақстан Республикасының және шетел азаматтары жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда;

§  Петропавл қаласында тұрақты тіркелген азаматтар «Абонемент» бөлімінің пайдаланушысы болып, абонемент қызметтерін пайдалана алады.

 1.7. Осы «С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ пайдалану ережесі

§  Қазақстан Республикасының Конституциясына;

§  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне;

§  ҚР «Мәдениет туралы» Заңына;

§  Кітапхана Жарғысына және басқа да ұйымдастыру-нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.

 1.8. Кітапхананы пайдалану ережесін Кітапхана әкімшілігі қажет болған жағдайда және Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасымен келісе отырып өзгерте және толықтыра алады.

 
2.  КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ

 2.1. Кітапханаға жазылу пайдаланушыларды тіркеу, есепке алу және бақылау секторында жүргізіледі (ары қарай – тіркеу секторы).

 2.2. Кітапханаға жазылу және оқырман билетін алу кезінде төлқұжатын немесе құқықтық дәрежесі бойынша оған тең келетін бас құжатын және Азаматтарды тіркеу кітабын көрсету керек.

 2.3. Кітапханаға жазылған кезде азаматтар:

§  Кітапхананы пайдалану ережелерімен танысады;

§  Оқырман формулярын толтыруға қажет мәліметтерді хабарлайды (абонементтік қызмет көрсету бөлімдерінде);

§  Тіркеу секторының қызметкері Кітапхана оқырмандарының мәліметтер базасында сауалнама толтырған кезде қатысады.

 2.4. Кітапхананы пайдалану ережелерімен келіспеген жағдайда, келуші кітапхана қызметтерін толық пайдалана алмайды.

 2.5. Келуші С.Мұқанов атындағы ОӘҒК оқырманының тіркеу карточкасын толтыруға міндетті, тіркеу карточкасына қол қоя отырып, ол өзі туралы дербес мәліметтерді Кітапхананың электрондық базасына енгізуге келісімін береді.

 

 

 2.6. Пайдаланушыларды Кітапханаға жазу және материалдарды беруді рәсімдеу кезінде жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланылған жағдайда, штрих-коды бар оқырман билеті пайдаланушының қойған қолына пара-пар деп есептеледі.  

 

 

 2.7. С.Мұқанов атындағы ОӘҒК оқырманының тіркеу карточкасын толтыру кезінде  келушінің өзі туралы хабарлаған мәліметтері қатаң түрде құпия сақталады. Кітапхана пайдаланушылар туралы ақпараттарды қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуден басқа мақсатта пайдаланбайды және қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған жағдайда бұл мәліметтерді бөтен жеке және заңды тұлғаларға бермейді.

. Тұрақты оқырман билеті осы Ережеде белгіленген мерзімде Кітапхананы пайдалануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.


2.8. Құжаттарды абонемент арқылы кітапхана қорынан үйге алу үшін тұрақты оқырман билеті беріледі:

§  Петропавл қаласында тұрақты тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына;

§  Петропавл қаласының ЖОО және ООО-ның Петропавл қаласында уақытша тіркелген (1 жылдан кем емес мерзімге) күндізгі бөлім студенттеріне. Құжаттарды үйге беру тіркеу мерзімінің аяқталуына 6 ай қалғанда тоқтатылады;

§  Уақытша тіркелімі бар азаматтар, сондай-ақ басқа қалалардан келген азаматтар жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп Уақытша билет немесе біржолғы рұқсаттама алу арқылы Кітапхананың оқу залдарында кітапхана қорларын пайдалануға құқылы.

 2.9. Жыл сайын тұрақты оқырман билеті қайта тіркеліп, қайта тіркеуден өткен сәттен бастап бір жылға кітапхананы пайдалануға құқық береді. Қайта тіркеу кезінде пайдаланушы дербес мәліметтері өзгерген жағдайда хабарлауға міндетті.

 2.10. Тұрақты оқырман билеті жоқ келушілер Кітапханаға бір реттік кіру билеті арқылы кіре алады, (Кітапханаға келген күні бойы жарамды), бір реттік кіру билетін алу үшін жеке басын куәландыратын кез келген құжатты көрсету керек.

 2.11. Бір реттік кіру билеті келушіге құжаттарды кітапханадан тысқары шығаруға мүмкіндік беретін қызметтерді пайдалануға құқық бермейді.

 2.12. Тұрақты оқырман билетін жоғалтқан жағдайда, пайдаланушы жаңа билеттің құнын төлейді.

 

3. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

 3.1. Пайдаланушыларға Кітапханада қызмет көрсету оқырман билетін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады, оқырман билетін басқа адамға беруге болмайды.

 3.2. Оқырман билетін жоғалтқан жағдайда, пайдаланушы тіркеу және бақылау секторына оқырман билетінің жоғалғаны жөнінде хабарлауы керек.

 3.3. Кітапханаға келген сайын пайдаланушы тіркеу секторының қызметкеріне оқырман билетін көрсетеді де, Бақылау парағын алады, онда пайдаланушының Кітапхананың қай құрылымдық бөлімшесінде болғаны белгіленеді, бұл Кітапхана бөлімдеріне келу есебін жүргізуге және пайдаланушының электрондық оқырман формулярына қатынауға арналған. Бақылау парағы пайдаланушыға сыртқы киімі мен сумкаларын киімжайға тапсырғаннан кейін беріледі.

3.4. Пайдаланушының электрондық оқырман формулярында Кітапхана қызметкерлері пайдаланушының кітапхана құжаттарын алғаны және тапсырғаны жөнінде белгі қояды.


3.5. Кітапханадан шыққан кезде пайдаланушы қызметтерін пайдаланған құрылымдық бөлімшелердің мөрі қойылған Бақылау парағын тапсыруға міндетті. Кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінен үйге алынған құжаттар шығар кезде құжаттың үйге берілгенін куәландыратын бөлімнің белгісі (мөрі) қойылған Бақылау парағымен бірге бақылаушыға көрсетіледі.

 3.6. Көпшілік шараларға келген келушілер тіркеу секторының қызметкеріне оқырман билетін көрсетуге міндетті емес. Оларды шараны ұйымдастырған бөлім қызметкері қажет бөлімге алып барып, шара аяқталғаннан кейін шығарып салады.

 3.7. Кітапханадан шығар кезде пайдаланушы шығатыны жөнінде белгі қою үшін және электрондық оқырман формулярын жабу үшін тіркеу секторының қызметкеріне баруға міндетті. Тіркеу секторының қызметкері электрондық оқырман формулярында пайдаланушының атына жазылған құжаттар туралы ақпаратты тексереді.

 3.8. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзса немесе айыппұлдары болса, пайдаланушының Кітапханаға кіруге және оның қызметтерін пайдалануға құқы жоқ.

 3.9. Кітапхананың бақылауға дейінгі аймағында орналасқан бөлімшелерінің қызметін келушілер Кітапханаға жазылмай-ақ пайдалануға құқылы.

 

4. ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

4.1. Оқу залдарында құжаттар пайдаланушылардан түскен электрондық тапсырыстарға  - пайдаланушылардың  Кітапхананың электрондық каталогы арқылы өз бетімен жасаған құжаттарға қойған талаптарына сәйкес оқырман билетін көрсету арқылы беріледі. Кітапхана қорларында бар құжаттар туралы, толтыру және талаптарды жіберу  тәртібі туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ анықтамалық-библиографиялық аппарат пен электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу кезінде пайдаланушы каталогтар залында және пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімдерінде Кітапхана қызметкерлерінен  көмек сұрай алады.

4.2. Пайдаланушы оқу залдарынан кітапханалық құжаттарды алғанда Кітапхана қызметкері электрондық оқырман формулярында берілген құжаттардың санын белгілейді. Құжаттар қайтарылған кезде Кітапхана қызметкері олар туралы ақпаратты электрондық оқырман формулярынан сызып тастайды.

 4.3. Пайдаланушы оқу залы кафедрасынан құжатты алған кезде оның бүтіндігін тексеруге міндетті, себебі пайдаланушы өзіне берілген басылымдардың олармен жұмыс істеу кезінде сақталуы үшін жауап береді.

 4.4. Кітап сақтау бөлімдерінің басылымдарына тапсырыс Кітапхананың жабылуына 30 минут қалғанға дейін ғана қабылданады.

 4.5. Кітап сақтау бөлімдерінен алынған құжаттарды 7 күнге дейін мерзімге қойып қоюға  рұқсат етіледі.

 4.6. Пайдаланушы алған құжаттарды Кітапхана жабылуға 10 минут қалғанға дейін кітапханашыға қайтаруға міндетті.

 4.7. Кітап қорлары ашық тұратын оқу залдарында пайдаланушы әдебиетті өз бетімен таңдауға құқылы. Ашық қатынауға болатын басылымдармен  жұмыс істегеннен кейін, оларды кейін кітапханашы орнына қою үшін «Қарап шыққан әдебиеттер үстеліне» қайтару қажет.

 4.8. Құжаттардың көшірмесін жасау үшін пайдаланушы Кітапхана қызметкеріне оқырман билетін алдын ала тапсырып және ескертіп, оларды өздігінен оқу залынан алып шыға алады.

 4.9. Абонемент қызметтерін пайдаланғанда пайдаланушы тұрақты оқырман билетін көрсетеді. Кітапхана қызметкері берілген құжат туралы ақпаратты электрондық оқырман формулярына енгізеді. Құжатты қайтарған кезде кітапхана қызметкері құжатты электрондық оқырман формулярынан сызып тастайды. Пайдаланушыға кейбір басылымдарды үйге бергенде Кітапхана қызметкері одан Қазақстан Республикасының 27.02.2010 ж. № 280-IV «Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 24 бабы, 2 тармағына сәйкес кепіл қалдыруын талап етуге құқылы.

 4.10.   «Абонемент» бөлімі қорының құжаттары 5 данадан асырылмай 15 күнге дейін беріледі. Бұл мерзімді екі рет ұзартуға болады. Жоғары сұранысқа ие әдебиеттер ұзартылмайды.Құжат пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылмаған жағдайда Кітапхана қызметкерінің пайдаланушыға ауызша (сонымен қатар телефон арқылы да) немесе жазбаша алған құжаттарды қайтару керектігін еске салуға құқығы бар.

 4.11. «Интернет орталығы» бөлімінде пайдаланушы Кітапхана жабылуға 20 минут қалғаннан кешіктірмей жұмысын аяқтауға міндетті.

  4.12.  Ерекше құнды және сирек басылымдар пайдаланушыға көшірме түрінде ғана беріледі;

 

§  Бір уақытта оқу залында жұмыс істеу үшін тек қана бір көне баспа басылымын және 5 басылымға дейін басқа құжаттарды алуға болады;

§  Сирек басылымдарды оқу залынан тысқары шығаруға рұқсат берілмейді;

§  Сирек кітаптар қорының құжаттары Кітапханадан тысқары Кітапхана директорының рұқсатымен ғана беріледі;

§  Сирек құжаттардың көшірмесін жасауға және бейнежазуға/суретке түсіруге Кітапхана әкімшілігінің жазбаша рұқсаты қажет.

  5. ҚАШЫҚТАҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ВИРТУАЛДЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚАТЫНАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

   5.1. С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана көптеген ақпарат көздеріне, соның ішінде Интернет желісіне де қатынауға көмектеседі. Интернет желісіне қатынау барша оқырмандар санаттарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру бойынша жалпы кітапхана саясатының бір бөлігі болып табылады.

 

 5.2. Кітапхана Интернет желісінде Кітапхана сайтындағы орналастырылған ақпараттан басқа ақпарат үшін жауап бермейді.

 5.3. Кітапхананың тұрақты және уақытша оқырмандары Интернет желісінде өздігінен жұмыс істей алады.

 5.4. Интернет желісіне қатынау үшін пайдаланушы кезекші кітапханашыға оқырман билетін көрсетуі тиіс («Интернет орталығы» бөліміне келушілерден басқалары).

 5.5. Егер оқырман қажет ақпаратты өздігінен таба алмаса, ол  осы ақпаратты іздеу үшін Кітапхана қызметкеріне  өтінім бере алады, ал қызметкер өтінімді орындау мерзімін белгілейді. Бұл қызмет ақылы және «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыруға арналған бағатізбесіне сай көрсетіледі.

 5.6. Пайдаланушы Интернет желісінен тапқан ақпаратын электрондық тасымалдаушыға жазып ала алады немесе принтерден басып шығара алады. Бұл қызметтер ақылы және «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыруға арналған бағатізбесіне сай көрсетіледі.

 5.7. Ақылы қызметтер үшін төлем тіркеу секторында төленеді.              

 5.8. Интернетті пайдалану және желіде жұмыс істеу  «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыруға арналған бағатізбесіне сай төленеді.

 5.9. Кітапхана пайдаланушыларына компьютер конфигурациясы мен теңгеріміне өзгерістер енгізуге; Интернетті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға мүлдем тыйым салынады.

 5.10. Осы ережелерді бұзғаны үшін, жабдықтарды және бағдарламалық жасауды бүлдіргені үшін тіпті Интернет желісіне қатынау қызметтерін пайдалану құқығынан айыруға дейін бірқатар шаралар қолданылады.

 5.11. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы қашықтағы пайдаланушыларға виртуалды қызмет көрсету бойынша  кең қызмет түрлерін ұсынады. Кітапхананың қашықтағы пайдаланушыларға  виртуалды қызмет көрсету бойынша қызметтерін жасына, білім деңгейіне және тұратын жеріне, сондай-ақ Кітапхана пайдаланушысы болу-болмауына қарамастан С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан ОӘҒК сайтына кірген кез келген адам пайдалана алады.

 6. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, дінге деген қарым-қатынасына қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және шетел азаматтары Кітапхананы пайдалану құқығына ие. Петропавл қаласында тұрақты тіркелмеген азаматтар кітапхана қорларын оқу залында пайдалана алады.

  6.1. Кітапхананың пайдаланушылары құқылы:

§  кітапхана қорының құрамы мен Кітапхана көрсететін қызметтер туралы толық ақпаратты тегін алуға;

§  ақпарат көздерін іздеу және таңдау бойынша тегін консультациялық көмек алуға;

§  «абонемент» бөлімінен және Кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімшелерінен үйде уақытша пайдалануға құжаттарды тегін алуға;

§  басқа кітапханалардан құжаттарды электрондық жеткізу қызметі арқылы құжаттар мен олардың көшірмелерін алуға;

§  электрондық жабдықтар мен бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша тегін консультациялық көмек алуға;

§  басқа қызмет түрлерін, оның ішінде тізімдемесі «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыруға арналған бағатізбесімен белгіленетін  ақылы қызметтерді пайдалануға.

§  Кітапхананың электр желісіне қосылу құқығынсыз автономды қоректенетін портативті компьютерлерін әкелуге және пайдалануға;

§  шағымдар мен ескертулер кітабы арқылы (тіркеу секторындағы) Кітапхана қызметін жақсарту бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізуге;

§  Кітапхана әкімшілігімен келісе отырып, Кітапханада құрылатын оқырмандар кеңестерінің, әуесқойлық бірлестіктердің, клубтардың қызметіне көмек көрсетуге және қатысуға;

§  Кітапхана өткізетін оқырмандар конференцияларына, кездесулерге, кештерге, тұсаукесерлерге және басқа да шараларға қатысуға;

§  Сыпайы және білікті қызмет көрсетуді талап етуге, қажет болған жағдайда кітапхана қызметкерлерінің әрекетіне бекітілген тәртіп бойынша шағымдануға.

 6.2. Кітапхана пайдаланушылары міндетті:

§  Кітапхананы пайдалану Ережелерін сақтауға;

§  Анық сауалнамалық мәліметтер беруге және Кітапхананы сауалнамалық деректерінің өзгерістері туралы уақытылы хабардар етуге;

§  Үйге берілген басылымдарды қайтару мерзімін сақтауға, оқырман билетіне, Кітапхана қоры мен мүлігіне ұқыпты қарауға, кітапхана қызметкерлерімен сыпайы қарым-қатынас жасауға, кітапхана қызметкерлері мен қорғау қызметінің кітапхананы пайдалану Ережелерін сақтауға және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптарын орындауға.

§  Құжаттарға қойылатын оқырмандық талаптарды оларды толтыру тәртіптеріне сәйкес толтыруға;

§  Құжаттарды пайдалануға алғанда оларды мұқият қарап, егер олардан қандай да бір ақаулар табылса, Кітапхана қызметкеріне хабарлауға, ол берілетін құжатқа сәйкес белгілер қоюға міндетті;

§  Басқа пайдаланушылар мен Кітапхана қызметкерлерінің құқығын құрметтеуге, Кітапхана ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзбауға;

§  Кітапхана мамандарымен қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, сонымен қатар виртуалды қарым-қатынас кезінде де;

§  Сыртқы киімін, көлемі 20х30х7 см-ден асатын сумкаларын, портфельдерін, пакеттерін киімжайда қалдыруға;

§  Кітапханаға кірерде тіркеу және бақылау секторының қызметкерлеріне жұмыс істеу үшін қажет баспа басылымдарын, басқа құжаттарын, портативті компьютерлерін көрсетуге;

§  Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы заңнаманы сақтауға, сондай-ақ виртуалды қызмет көрсету режімінде де.

 6.3. Пайдаланушы Кітапхана қорына келтірген залалдың орнын толтыруға міндетті:

§  Сондай құжатпен немесе құжатты қалпына келтірудің құнын төлеуге;

§  Мазмұны немесе бағасы бойынша тең құжатпен;

§  Ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, оның рыноктық бағасын төлеуге.

 Кітапхана жауапты қызметкерлердің атынан (бөлім меңгерушілері, бас кітапханашылар) Кітапхана қорына қабылданатын құжаттың қажеттілігі мен құндылығын, сондай-ақ оның рыноктық бағасын анықтау құқығына ие. Даулы жағдайларда құжатты ауыстыру мәселесін Кітапханада жұмыс істейтін Кітапханалық қорларды сақтау комиссиясы шешеді. 

  6.4. Пайдаланушыға тыйым салынады:

§  Құжаттар электрондық оқырман формулярында немесе басқа есеп құжаттарында жазылмаса, оларды Кітапханадан  шығаруға;

§  Кітапхананың анықтама аппаратына зиян келтіруге (карточкаларға белгі салуға, каталогтар мен картотекалардан карточкаларды шығаруға және орындарын ауыстыруға);

§  Оқырман билетін басқа адамға пайдалануға беруге;

§  Оқырман билетіне, каталогтарға, картотекаларға, мәліметтер базаларына өз бетімен өзгерістер мен түзетулер енгізуге;

§  Ашық қатынау қорындағы әдебиеттердің қойылу тәртібін бұзуға;

§  Кітапхананың жиһазы мен басқа мүлігіне зиян келтіруге;

§  Кітапхана қоры құжаттарының бүтіндігін бұзуы мүмкін кез келген әрекеттерді жасауға, оларды бүлдіруге немесе сыртқы түрін өзгертуге (құжаттарға белгі салу, сызу, беттерін бүктеу, мұқабасын бүлдіру, құжаттың беттерін жұлу немесе кесу және т.б.);

§  Кітапхана компьютерінде жұмыс істегенде теңгерімін өзгертуге, бағдарламалық жасау орнатуға, Кітапханаға тиесілі емес мультимедиялық өнімдерді қарауға;

§  Кітапханаға тиесілі емес ұйымдастыру техникасын Кітапханаға әкелуге және пайдалануға (сканерлер, факстер, портативті көшіргілер);

§  Ақпаратты өз бетімен электрондық тасымалдаушыға көшіруге. Ақпаратты Кітапхана компьютерлерінен пайдаланушының дискілеріне, дискеталарға, флеш-карталарға және басқа да алып-салмалы ақпарат тасымалдаушыларға арнайы желілік папка арқылы кеңесші кітапханашы көшіреді;

§  Қызмет бөлмелеріне кіруге, қызмет телефондарын пайдалануға;

§  Үлкен сумка, дипломат, жолқапшық, папка, портфельдерді кіргізуге. Кіргізуге рұқсат етілетін сумкалардың көлемі 20x30x7 см-ден аспауы тиіс.

§  Әкімшіліктің рұқсатынсыз жиналыстар, кездесулер, кеңестер өткізуге, бөтен ұйымдардың ақпаратын насихаттауға, сатуға, орналастыруға;

§  Этикалық мінез-құлық ережелерін бұзуға, Кітапхана қызметкерлері мен келушілерді мазалауға, қорлауға, дөрекілік істеуге, қызмет көрсету процесіне кедергі келтіруге;

§  Оқу залдарында ұялы телефонмен сөйлесуге, басқа пайдаланушылардың жұмыс істеуіне кедергі келтіретіндей шу шығаруға;

§  Кітапханада тамақ ішуге және темекі шегуге;

§  Кітапханаға мас және есірткі қабылдаған күйде келуге, Кітапханада алкогольдік ішімдіктер мен есірткілік заттар қолдануға;

§  Кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға;

§  Кітапхана қызметкерлері мен пайдаланушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіруге.

  7. КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

 7.1. Кітапхана құқылы:

 

§  Кітапхана Жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес өз қызметінің мазмұны мен нақты формаларын өз бетімен анықтауға.

§  Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет басқармасымен келісе отырып жұмыс тәртібін белгілеуге, сондай-ақ ақылы қызметтерге тізімдемелер мен тарифтер орнатуға;

§  Кітапхананың нақты қызметтерінің тізімдемесіне, соның ішінде ақылы қызметтерге шарт жасауға;

§  Жоғары сұранысқа ие басылымдарды пайдалануға бекітілген мерзімдерді қысқартуға;

§  «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ-нің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыруға арналған бағатізбесіне сәйкес пайдаланушылардың жеке санаттары үшін ақылы қызметтерге жеңілдік жасауға;

§  Қазақстан Республикасының 27.05.2010 ж. №280-IV  «Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 24-бабы, 2-тармағына сәйкес Кітапхананың құжаттық қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды ақшалай кепілдік бойынша беру тәртібін орнатуға.

§  Пайдаланушыға ауызша (телефон арқылы да) немесе жазбаша (электронды байланыс құралдарын пайдалану арқылы да) алған құжаттарын белгіленген пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қайтару қажеттігін еске салуға;

§  Ерекше құнды немесе сақталу дәрежесі төмен құжаттарды беру және көшірмесін жасау мүмкіндігіне шектеулер енгізуге.

 7.3. Кітапхана міндетті:

§  Өз қызметінде ҚР «Мәдениет туралы» Заңымен қарастырылған пайдаланушылардың ақпаратқа еркін қатынау  құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және оларға Кітапхана Жарғысы мен осы Ережелерге сәйкес қызмет көрсетуге.

§  Пайдаланушылардың Кітапхана қорларына еркін қатынау құқығын шектейтін мемлекеттік және басқа да цензураға жол бермеуге.

§  Пайдаланушыларға кітапхана ұсынатын қызметтер және оларды ұсыну шарттары туралы ақпарат беруге;

§  Белгіленген жұмыс тәртібін сақтау, егер жұмыс тәртібі өзгерген жағдайда, бұл туралы пайдаланушыларға уақытылы хабар беруге;

§  Пайдаланушылар үшін қызмет көрсету технологиясын жетілдіруге;

§  Кітапхананың жайлылығын арттыруға;

§  Кітапхана пайдаланушылары туралы мәліметтерді құпия сақтауға;

§  жоғары мәдениетті кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге.

 7.4. Кітапхана жауап береді:

§  Мемлекет меншігінің бір бөлігі ретінде Кітапхананың мүлкі мен құжаттар қорының сақталуына, уақытылы есепке алынуына және пайдаланылуына;

§  Пайдаланушыларға қызмет көрсетуде этикалық мінез-құлық ережелерінің сақталуына;

§  Ақпаратқа қатынауда пайдаланушыларға тең жағдайлардың қамтамасыз етілуіне.

 

8. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ БҰЗЫЛУЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

8.1. Осы пайдалану Ережелерін бұзған және кітапхана қорына, жабдығына, сондай-ақ Кітапхананың қызметкерлеріне зиян келтірген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережелермен қарастырылған материалдық, моральдық, қылмыстық және басқа жауапкершілікке тартылады;

 8.2. Осы Кітапхананы пайдалану Ережелерін бұзған пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін:

§   баспа және электрондық құжаттарды, мүлікті, жабдықтар мен компьютер техникасын Кітапханадан рұқсатсыз шығарғаны үшін – оқырман мәртебесін қалпына келтіру құқығынсыз үш жылға;

§   кітапханада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін – бір жылға және одан да көп;

§   кітапхана қоры құжаттарының бүтіндігін бұзғаны үшін, сыртқы түрін бүлдіргені немесе өзгерткені үшін (құжаттарға белгі салу, сызу, беттерін бүктеу, мұқабасын бүлдіру, беттерін жұлу немесе кесу және т.б.) – үш ай мерзімге;

§   уақытша пайдалануға берілген құжаттарды қайтармағаны үшін – қарызын өтегенге дейін.

§   кәмелеттік жасқа толмаған пайдаланушылар (18 жасқа дейін) құжаттарды бүлдірсе немесе жоғалтса және басқа да зиян келтірсе, олардың заңды өкілдері жауапқа тартылады.

Шешімді Кітапхана директоры қабылдайды, бұйрықпен рәсімделеді, 7-күндік мерзім ішінде С.Мұқанов атындағы ОӘҒК Оқырманды тіркеу карточкасында көрсетілген байланыс мәліметтерінің негізінде телефон немесе хат арқылы пайдаланушыға хабар беріледі.

 8.3. Осы Ережелерді бұзған және пайдаланушылардың құқығын бұзуға жол берген Кітапхана қызметкерлері қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.

  

 
Правила пользования

 

 КГУ «Северо-Казахстанская  областная  универсальная

 

 научная библиотека им. С. Муканова»

 

 
 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

 

 1.1. Коммунальное государственное учреждение «"Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. С. Муканова" (в дальнейшем – Библиотека) является Центральной государственной библиотекой Северо-Казахстанской области универсального характера и осуществляет информационную, образовательную, культурно-просветительскую деятельность. 
 
  1.2. Учредитель Библиотеки – Управление культуры Северо-Казахстанской области. 

 

  1.3. . Настоящие правила определяют порядок доступа пользователей к фондам, перечень услуг и условия их предоставления, регламентируют взаимоотношения пользователей и Библиотеки в соответствии с действующим республиканским и областным законодательством (Конституция РК, Гражданский кодекс РК, Закон РК «О культуре», а также права и обязанности пользователей и Библиотеки.
 
 1.4. Правила пользования обязаны соблюдать все сотрудники и пользователи Библиотеки.
 
1.5. Право пользования Библиотекой имеют как физические, так и юридические лица, а также лица, обращающиеся в Библиотеку через электронные информационные сети.
 
1.6. Пользователями Библиотеки могут стать:
 § граждане Республики Казахстан и зарубежных стран по предъявлении документа, удостоверяющего личность;
 § граждане, имеющие постоянную регистрацию в г. Петропавловск, могут стать пользователями отдела «Абонемент» и пользоваться услугами абонемента.
 
1.7. Настоящие Правила пользования КГУ «Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. С. Муканова» разработаны в соответствии с:
 § Конституцией Республики Казахстан;
 § Гражданским кодексом  Республики Казахстан
 § Законом РК «О культуре»
§ Уставом и другими организационно-нормативными документами Библиотеки.
 
1.8. Правила пользования Библиотекой могут изменяться и дополняться администрацией Библиотеки по мере необходимости и по согласованию с Управлением культуры Северо-Казахстанской области.
 
 2. ПОРЯДОК ЗАПИСИ В БИБЛИОТЕКУ

 

 2.1. Запись в Библиотеку производится в секторе регистрации, учета  и контроля пользователей (далее – сектор  регистрации).
 
2.2. При записи в Библиотеку и получении читательского билета необходимо предъявить паспорт или другой документ равный ему по правому статусу и Книгу регистрации граждан
 
2.3. При записи в Библиотеку граждане:
 § знакомятся с Правилами пользования Библиотекой;
 § сообщают сведения, необходимые для заполнения читательского формуляра (в отделах с абонементным обслуживанием);
 § присутствуют при заполнении регистрационной анкеты в базе данных читателей Библиотеки сотрудником сектора регистрации.
 
 2.4. В случае несогласия с Правилами пользования Библиотеки посетитель не может воспользоваться ее услугами в полной мере.
  
2.5. Посетитель обязан также заполнить Регистрационную карточку читателя ОУНБ им. С. Муканова, в которой подтверждает личной подписью свое согласие на ввод его персональных данных в электронную базу Библиотеки.
 
2.6. В случае использования новых информационных технологий при записи пользователей в Библиотеку и оформлении выдачи материалов, считать читательский билет со штрих-кодом эквивалентом подписи пользователя.
 
2.7. Сведения, сообщенные посетителем о себе при заполнении Регистрационной карточки читателя ОУНБ им. С. Муканова, строго конфиденциальны. Библиотека не использует сведений о пользователях в иных интересах, кроме обеспечения процесса обслуживания, и не передает эти сведения сторонним физическим и юридическим лицам, если иное не предусмотрено действующим законодательством.
 

 

 2.8. Постоянный читательский билет является единственным документом, который дает право пользования Библиотекой на срок, оговоренный данными Правилами.
  Для получения документов из фонда библиотеки на дом, через абонемент, выписывается постоянный читательский билет:
 § Гражданам Республики Казахстан, имеющим постоянную прописку в г.Петропавловске;
 § Студентам дневного отделения ВУЗов и СУЗов г. Петропавловска имеющим временную (сроком не менее чем на год) регистрацию в г. Петропавловске. Выдача документов на дом прекращается за 6 месяцев до окончания срока регистрации;
 § Граждане, имеющие временную прописку, а также иногородние граждане, имеют право пользоваться фондами библиотеки в читальных залах Библиотеки, получив Временный билет или Разовый пропуск, которые выписываются пользователю при предъявлении документа удостоверяющего личность.
 
2.9. Ежегодно проводится перерегистрация постоянного читательского билета, которая дает право пользования библиотекой на год с момента прохождения перерегистрации. При процедуре перерегистрации пользователь обязан сообщить изменения своих персональных данных. 

 

2.10. Посетители, не имеющие постоянного читательского билета, могут посещать Библиотеку по билету разового посещения (действует в течение дня посещения Библиотеки), для оформления которого необходимо предъявить любой документ, удостоверяющий личность.
  
2.11. Билет разового посещения не дает право посетителю пользоваться услугами, позволяющими выносить документы за пределы библиотеки.
 
2.12. В случае утери постоянного читательского билета пользователь  оплачивает стоимость  нового билета.
 

 

  3. ПОРЯДОК ОБСЛУЖИВАНИЯ ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ

 

 3.1. Обслуживание пользователей в Библиотеке осуществляется по предъявлению читательского билета, который не разрешается передавать другому лицу.
 
 3.2. В случае потери читательского билета пользователь должен обратиться в сектор  регистрации пользователей и контроля и сообщить об его утере. 

 

3.3. При каждом посещении Библиотеки пользователь предъявляет сотруднику сектора регистрации читательский билет, и получает Контрольный лист, в котором фиксируются посещения структурных подразделений Библиотеки, предназначенный для учета посещений отделов Библиотеки и доступа к электронному читательскому формуляру пользователя. Выдача Контрольного листа осуществляется после сдачи пользователем верхней одежды и сумок в гардероб.
 
3.4. В электронном читательском формуляре пользователя сотрудники Библиотеки проставляют отметки о полученных и сданных пользователем библиотечных документах.

 

 3.5. При выходе пользователь обязан сдать Контрольный листок со штампами структурных подразделений, услугами которых он пользовался. Документы, взятые в структурных подразделениях Библиотеки на дом, при выходе предъявляются контролеру вместе с Контрольным листом, в котором стоит отметка (штамп) отдела, удостоверяющий выдачу документов на дом.
 
3.6. Посетители, пришедшие на массовые мероприятия, не обязаны предъявлять читательский билет сотруднику сектора регистрации. Они направляются в соответствующий зал в сопровождении сотрудника отдела, организующего мероприятие, после завершения мероприятия сотрудник сопровождает посетителей к выходу.
 
 3.7. При выходе из Библиотеки пользователь обязан вновь обратиться к сотруднику сектора регистрации для получения отметки о выходе и закрытия электронного читательского формуляра. Сотрудник сектора регистрации также проверяет информацию о документах, числящихся за пользователем в его электронном читательском формуляре.
 
 3.8. В случае имеющихся нарушений, штрафных санкций пользователь не имеет право войти в Библиотеку и воспользоваться ее услугами.
 
3.9. Услугами подразделений Библиотеки, расположенными в доконтрольной зоне, посетители имеют право пользоваться без необходимости записи в Библиотеку.
 

 

 4. ПОРЯДОК ВЫДАЧИ ДОКУМЕНТОВ 

 

4.1. В читальных залах документы выдаются по предъявлению читательского билета в соответствии с поступившими от пользователей электронными заказами - требованиями на документы, оформляемыми пользователями самостоятельно через электронный каталог Библиотеки. Для получения информации о документах, имеющихся в фондах Библиотеки, о правилах заполнения и отправки требований, а также за помощью при работе со справочно-библиографическим аппаратом и электронными базами данных пользователь может обратиться к сотрудникам Библиотеки в зале каталогов и в отделах, обслуживающих пользователей. 

 

4.2. При получении пользователем библиотечных документов в читальных залах сотрудник Библиотеки отмечает количество выданных документов в электронном читательском формуляре. При возврате документов информация о них из электронного читательского формуляра списывается сотрудником Библиотеки. 

 

4.3. Пользователь обязан проверить целостность документа во время получения на кафедре читального зала, так как он несет личную ответственность за сохранность выданных ему изданий в процессе работы с ними.
 
 4.4. Заказы на издания из отдела книгохранения принимаются не позднее, чем за 30 минут до закрытия Библиотеки. 

 

4.5. Документы, полученные из отдела книгохранения, разрешается бронировать (оставлять на бронеполках) на срок до 7 дней. 

 

4.6. Пользователь обязан вернуть взятые документы библиотекарю не позднее, чем за 10 минут до закрытия Библиотеки.
 
4.7. В читальных залах с открытым доступом к книжным фондам пользователь вправе самостоятельно выбирать литературу. После работы с изданиями с открытого доступа их необходимо вернуть на «Стол для просмотренной литературы» для последующей расстановки документов библиотекарем. 

 

4.8. Для копирования документов пользователь может самостоятельно вынести их из читального зала, сдав предварительно читательский билет сотруднику Библиотеки и предупредив его.
 
4.9. При пользовании услугами абонемента пользователь предъявляет постоянный читательский билет. Сотрудник библиотеки вносит информацию о выданном документе в электронный читательский формуляр. При возврате документа сотрудник библиотеки списывает документ из электронного читательского формуляра.
  При выдаче пользователю некоторых изданий на дом сотрудник Библиотеке вправе потребовать от него внесения залога согласно Закону Республики Казахстан от 27.05.2010 N 280-IV "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О культуре" ст. 24 п. 2.
 
4.10.   Документы из фонда отдела «абонемент» выдаются в количестве не более 5 экз. сроком на 15 дней с возможностью двукратного их продления. Литература повышенного спроса продлению не подлежит.
В случае невозврата документов по истечении срока пользования сотрудник Библиотеки имеет право устно (в том числе по телефону) или письменно напомнить пользователю о необходимости вернуть полученные документы.
 
4.11. В отделе «Интернет - центр» пользователь обязан завершить работу на компьютере не позднее, чем за 20 минут до закрытия Библиотеки. 

 

4.12. Особо ценные и редкие издания могут предоставляться пользователю только в виде копий;
 § одновременно для работы в читальном зале можно получить только одно старопечатное издание и до 5-ти экземпляров других документов;
 § редкие издания книжных коллекций за пределы читального зала выносить не разрешено;
 § за пределы Библиотеки документы из фонда редких книг выдаются только с письменного разрешения директора Библиотеки;
 § право на ксерокопирование и видео/фотосъемку редких документов предоставляется по письменному разрешению администрации Библиотеки.
 

 

 5. ПРАВИЛА ПОЛЬЗОВАНИЯ УСЛУГАМИ ПО ВИРТУАЛЬНОМУ ОБСЛУЖИВАНИЮ УДАЛЕННЫХ ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ И УСЛУГАМИ ДОСТУПА К СЕТИ ИНТЕРНЕТ

 

  5.1. Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. С. Муканова предоставляет доступ к широкому кругу источников информации, в том числе и к сети Интернет. Доступ к сети Интернет является частью общей библиотечной политики по удовлетворению информационных запросов всех категорий читателей.
 
5.2. Библиотека не несет ответственности за информацию, представленную в сети Интернет, за исключением информации, размещенной на сайте Библиотеки. 

 

 5.3. К самостоятельной работе в сети Интернет допускаются постоянные и временные читатели Библиотеки. 

 

5.4. Для доступа к сети Интернет пользователь должен предъявить дежурному библиотекарю читательский билет (кроме посетителей отдела « Интернет - центр»).

 

5.5. Если читатель самостоятельно не может найти нужную информацию, он может сделать заявку на поиск этой информации сотруднику Библиотеки, который определяет сроки выполнения заявки. Эта услуга является платной и предоставляется в соответствии с Прейскурантом цен на реализацию товаров (работ, услуг) КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова».
 
5.6. Найденную пользователем в сети Интернет информацию можно записать на электронный носитель или распечатать на принтере. Эти услуги являются платными и предоставляются в соответствии с Прейскурантом цен на реализацию товаров (работ, услуг) КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова»
 
5.7. Расчет за все платные услуги, производится в секторе  регистрации.
 
5.8. Пользование Интернет  и работа в сети оплачиваются в соответствии с Прейскурантом цен на реализацию товаров (работ, услуг) КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова».
 
5.9. Пользователям Библиотеки категорически запрещается: вносить изменения в конфигурацию и настройки компьютера; использовать Интернет в целях, противоречащих действующему законодательству Республики Казахстан.
 
5.10. За нарушение настоящих Правил, порчу оборудования и программного обеспечения предусматривается ряд мер вплоть до лишения права пользования услугами доступа к сети Интернет.
 
5.11. Северо- Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова предоставляет широкий ассортимент услуг по виртуальному обслуживанию удаленных пользователей. Воспользоваться услугами по виртуальному обслуживанию удаленных пользователей Библиотеки может любой человек, обратившийся на сайт  Северо-Казахстанская ОУНБ   имени С. Муканова, не зависимо от возраста, уровня образования и места проживания, а также независимо от того, является ли он читателем Библиотеки.
 
6. ПРАВА И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ

 

 Право пользования Библиотекой имеют все граждане Республики Казахстан и иностранные граждане независимо от пола, национальности, социального положения, политических убеждений, отношения к религии. Граждане, не имеющие постоянной регистрации в г. Петропавловске, вправе пользоваться фондами библиотеки в читальном зале.
 
 6.1. Пользователи Библиотеки имеют право:

 

 § бесплатно получать полную информацию о составе библиотечного фонда и предоставляемых Библиотекой услугах;

 § бесплатно получать консультационную помощь в поиске и выборе источников информации;
 § бесплатно получать во временное пользование документы на дом из фондов отдела «абонемент» и других  структурных подразделений Библиотеки;
 § получать документы и их копии по  службе электронной доставке документов из других библиотек;
 § бесплатно получать консультационную помощь в пользовании электронным оборудованием и программными средствами;
 § пользоваться другими видами услуг, в том числе платными, перечень которых определяется Прейскурантом цен на реализацию товаров (работ, услуг) КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова».
 § приносить и пользоваться своими портативными компьютерами, имеющими автономное питание, без права подключения к электросети Библиотеки;
 § вносить свои предложения и замечания по улучшению деятельности Библиотеки через Книгу жалоб и предложений (находящуюся в секторе регистрации);
 § оказывать помощь и участвовать в деятельности читательских советов, любительских объединений, клубов, создаваемых в Библиотеке по согласованию с администрацией Библиотеки;
 § принимать участие в читательских конференциях, встречах, вечерах, презентациях и других мероприятиях, проводимых Библиотекой;
 § получить вежливое и компетентное обслуживание, при необходимости, обжаловать     действия сотрудников библиотеки в установленном порядке.
  
6.2. Пользователи Библиотеки обязаны:

 

 § соблюдать Правила пользования Библиотекой;

§ указывать достоверные анкетные данные и своевременно оповещать Библиотеку об изменениях анкетных данных;

 § соблюдать сроки возврата изданий, выданных на дом, бережно относиться к читательскому билету, фонду и имуществу Библиотеки, быть вежливым и корректным по отношению к сотрудникам библиотеки, выполнять требования персонала и службы охраны библиотеки, связанные с соблюдением Правил пользования библиотекой и обеспечением общественного порядка и безопасности.
 § заполнять читательские требования на документы в соответствии с правилами их заполнения;
 § при получении документов в пользование тщательно их осмотреть и в случае обнаружения в них каких-либо дефектов сообщить об этом сотруднику Библиотеки, который обязан сделать соответствующие пометки на выдаваемом документе;
 § уважать права других пользователей и сотрудников Библиотеки, не нарушать общественный порядок в помещениях Библиотеки;
 § соблюдать культуру общения со специалистами Библиотеки, в том числе во время виртуального общения;
 § оставлять в гардеробе верхнюю одежду, сумки, портфели, пакеты размером свыше 20х30х7 см;
 § при входе в помещения библиотеки предъявлять  работникам сектора регистрации и контроля печатные издания, иные документы, портативные компьютеры, необходимые для работы;
 § соблюдать законодательство об авторском праве и смежных правах, в том числе в режиме виртуального обслуживания.
 
6.3. Пользователь обязан возместить ущерб, нанесенный фонду Библиотеки:
 § таким же документом, либо заплатить за стоимость реставрации документа;
 § равноценным по содержанию или стоимости документом;
 § при невозможности замены, возместить его рыночную стоимость.
 
Библиотека в лице ответственных сотрудников (заведующих отделами, главных библиотекарей) оставляет за собой право определять необходимость и ценность принимаемого документа для фонда Библиотеки, а также его рыночную стоимость. В спорных случаях решение вопроса о замене документа решает действующая в Библиотеке Комиссия по сохранности библиотечных фондов.
 
6.4. Пользователю запрещается:

 

 § выносить документы из помещения Библиотеки, если они не записаны в электронном читательском формуляре или других учетных документах;

§ наносить ущерб справочному аппарату Библиотеки (делать на карточках пометки, изымать или переставлять карточки из каталогов и картотек);

 § передавать читательский билет в пользование другому лицу;
 § самостоятельно вносить изменения и исправления в читательский билет, каталоги, картотеки, базы данных;
 § нарушать порядок расстановки литературы в фонде открытого доступа;
 § наносить ущерб мебели и другому имуществу Библиотеки;
 § предпринимать любые действия, которые могут вызвать нарушение целостности документов из фонда Библиотеки, их порчу или изменение внешнего вида (делать на документах пометки, подчеркивать, загибать страницы, портить переплет, вырывать или резать страницы из документа и др.);
 § при работе на компьютере Библиотеки менять настройки, устанавливать программное обеспечение, просматривать не принадлежащие Библиотеке мультимедийные продукты;
 § приносить в Библиотеку и пользоваться средствами оргтехники, не принадлежащими Библиотеке (сканеры, факсы, портативные копиры);
 § самостоятельно копировать информацию на свой электронный носитель. Копирование информации с компьютеров Библиотеки на диски, дискеты, флеш-карты и другие съемные носители информации пользователя производится библиотекарем-консультантом через специальную системную папку;
 § входить в служебные помещения, пользоваться служебными телефонами;
 § Вносить большие сумки, дипломаты, рюкзаки, папки, портфели, пакеты. Размер сумок, разрешенных для вноса - не более 20x30x7 см.
 § Проводить собрания, встречи, совещания, проповедовать, торговать, размещать информацию сторонних организаций без разрешения администрации;
 § нарушать этические нормы поведения, приставать, оскорблять сотрудников Библиотеки и посетителей, грубить, создавать помехи процессу обслуживания;
 § вести разговоры по мобильному телефону в читальных залах, создавать шум, мешающий работе других пользователей;
 § принимать пищу  и курить в помещениях Библиотеки;
 § приходить в Библиотеку в состоянии алкогольного или наркотического опьянения, употреблять алкогольные напитки и наркотические средства в помещении Библиотеки;
 § оставлять малолетних детей без присмотра;
 § создавать угрозу жизни и безопасности других пользователей и сотрудников Библиотеки.
 

 

 7. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ БИБЛИОТЕКИ

 

 7.1. Библиотека имеет право:

 

 § Самостоятельно определять содержание и конкретные формы своей деятельности в соответствии с целями и задачами, определенными в Уставе Библиотеки.

 

§ По согласованию с Управлением культуры  Северо-Казахстанской области устанавливать режим работы, а также вводить перечни и тарифы на платные услуги;
 § Заключать договоры, в том числе на платной основе, на  определенный перечень услуг Библиотеки;
 § Сокращать установленные сроки пользования изданиями повышенного спроса;
 § Устанавливать льготы на платные услуги для отдельных категорий пользователей согласно Прейскуранту цен на реализацию товаров (работ, услуг) КГУ «Областная универсальная научная библиотека имени С. Муканова»;
 § Устанавливать порядок выдачи документов под денежный залог в целях обеспечения сохранности документного фонда Библиотеки согласно Закону Республики Казахстан от 27.05.2010 N 280-IV
"О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О культуре" ст. 24 п. 2. ;
 § Напоминать пользователю устно (в т.ч. по телефону) либо письменно (в т.ч. с использованием электронных средств связи) о необходимости вернуть полученные документы по истечении установленного срока пользования;
 § Вводить ограничения на возможность выдачи и копирования для документов, имеющих особую ценность или плохую степень сохранности.
 
7.3. Библиотека обязана:

 

 § В своей деятельности обеспечить реализацию прав пользователей на  свободный доступ к информации, предусмотренных Законом РК «О культуре» и осуществлять их обслуживание в соответствии с Уставом Библиотеки и настоящими Правилами.

 § Не допускать государственной и иной цензуры, ограничивающей право пользователей на свободный доступ к фондам Библиотеки.
 § Информировать пользователей об услугах, предоставляемых библиотекой и условиях их предоставления;
 § соблюдать установленный режим работы, а в случае его изменения своевременно оповещать об этом пользователей;
 § совершенствовать технологию обслуживания в интересах пользователей;
§ повышать комфортность библиотечной среды;
 § сохранять конфиденциальность данных о пользователях Библиотеки и их чтении;
 § обеспечивать высокую культуру библиотечного обслуживания.
 
7.4. Библиотека несет ответственность:

 

§ за сохранность, своевременный учет и использование имущества и фонда документов Библиотеки как части государственной собственности;
 § за соблюдение этических норм поведения в обслуживании пользователей;
 § за обеспечение пользователям равных условий доступа к информации.
 
8.ОТВЕТСТВЕННОСТЬ  ЗА НАРУШЕНИЕ НАСТОЯЩИХ ПРАВИЛ

 

 8.1. Пользователи Библиотеки, нарушившие настоящие Правила пользования и причинившие ущерб фонду, оборудованию, а также персоналу Библиотеки, несут материальную, моральную, уголовную или иную ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами;
 
8.2. За нарушение настоящих Правил Библиотеки пользователи могут быть лишены права пользования Библиотекой:
 § за вынос без разрешения за пределы Библиотеки и порчу печатных и электронных документов, имущества, оборудования и компьютерной техники - без права восстановления в статусе читателя в течение трех лет;
 § за нарушение общественного порядка в помещениях Библиотеки – сроком на один год и более;
 § за нарушение целостности документов из фонда Библиотеки, их порчу или изменение внешнего вида (пометки на документах, подчеркивания, загнутые страницы, испорченный переплет, вырванные или разрезанные страницы и др.) – сроком на три месяца;
 § за невозвращение документов, выданных во временное пользование, – до погашения задолженности.
 § за порчу или утрату документов и другой причиненный ущерб несовершеннолетними пользователями (в возрасте до 18 лет), ответственность несут их законные представители.
 
Решение принимается директором Библиотеки, оформляется приказом, доводится до пользователя в 7-дневный срок по телефону или письмом с уведомлением на основе контактных данных, указанных в Регистрационной карточке читателя ОУНБ им. С. Муканова.
 
8.3. Сотрудники Библиотеки, нарушившие настоящие Правила и допустившие нарушение прав пользователей, несут дисциплинарную ответственность в соответствии с действующим трудовым законодательством.
 
2012 год.
 

 

 


Комментарии (0)