Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Центр «Мәдени мұра»

        "Мәдени мұра" орталығы қазақ халқының рухани мұрасын сақтау және кеңінен таныту, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау мақсатында құрылды. Қазақ тіліндегі кандидаттық және докторлық

"Мәдени мұра" орталығы туралы Ереже

І.Жалпы бөлім
1. Орталық оқырмандарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кітапхананың жекеше құрылымдық бөлімшесі болып табылады .
2. Орталық кітапхана директорына бағынады .
Өз қызметінде басшылыққа алады:
а) ҚР қазіргі заңнамалық актілерін;
б) кітапхана директоры бекіткен технологиялық және әдістемелік құжаттарды;
г) осы Ережені.
2. 0рталықтың негізгі мақсаттары
1. Кітапхананың пайдаланушыларына барлық баспа шығармалары түрлерімен қызмет көрсету.
2. Қолайлы ақпараттық кеңістік құру.
3. Пайдаланушыларға қызмет көрсету мәселелері жөнінде облыстың кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
3.Орталықтың негізгі қызметі
1. Орталықты пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оларды бөлім қорынан әдебиетпен қамтамасыз ету.
Ол үшін бөлім:
а) оқырмандар құрамын зерттейді, қызмет көрсетудің статистикалық есебін жүргізеді;
б) пайдаланушыларға қызмет көрсетудің сапасын жетілдіруге тырысады.
Осы нысанамен бөлім:
- өз жұмысын талдайды;
- бөлімді насихаттау үшін жарнамалық жұмыс жүргізеді;
- жұртшылықпен,баспа,радио,теледидарлармен байланысын нығайтады;
- кітап қорын қосымша толықтыру көздерін іздейді.
2. Кітан қорын сақтауды қамтамасыз етеді, сол үшін :
а) орталықты пайдаланушылардың қарыздарын жою және ескерту жөнінде жұмыстар жүргізеді.
б) әдебиеттің уақытында қайтарылуын бақылайды.
в) пайдаланушылардан жоғалған әдебиетке тең кітаптарды қабылдайды, ресімдеп кітаптарды сақтау бөліміне тапсырады.
3. Орталықтың жұмыс жоспарларын (келешекті, жылдық) олардың орындалуы туралы есеп құрастырады.
4. Жеке өндірістік үдерістерді белгілейтін нұсқаулық әдістемелік құралдарды құрастырады.
5. Басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесін зерттеп енгізеді.
6. Орталық қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеру үшін, әртүрлі оқу әдістерін пайдаланады: семинарларға, курстарға қатысады, жұмыс орнында үйренеді, мамандық бойынша мерзімдік басылымдармен үздіксіз танысады.

4. 0рталықтың құқығы Орталықтың және оның меңгерушісінің:
а) қызметкерлердің міндеттері мен құқықтарын анықтауға;
б) ынталандыруға ұсынуға, ал қажетті жағдайда тәртіпті бұзғаны үшін оларды
жауаптылыққа тартуға құқығы бар.

5. 0рталықты басқару
І. Орталықты меңгеруші басқарады. Оны кітапхана директоры тағайындайды және лауазымынан босатады.
2. Меңгеруші барлық бөлім жұмысын ұйымдастырады. Меңгерушінің өкімдері барлық қызметкерлерге міндетті.
3. Құрылымы мен штатын кітапхана директоры бекітеді.
4.0рталық қызметкерлерінің міндеттері кітапхана директоры бекіткен лауазымдық нұсқаумен анықталады.

6. Орталықтың жауапкершілігі:
орталық және оның меңгерушісі жауап береді:
а) пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыс жоспарының орындалуына;
б) есеп беретін құжаттарды уақытында ұсынуға;
в) еңбекті ұйымдастыруға, қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға;
г) техниканың қауіпсіздік жағдайына, еңбекті қорғауға, өндірістік тазалыққа және өртке қарсы қауіпсіздікке;
д) осы ережеде көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің, кітапхана басшылығы мен жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуына жауапты.


2012 жылдың 16 мамыры күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жерлес ақын, қоғам қайраткері, журналист  Ғалым Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған жердің төл перзенті» атты әдеби – музыкалық кеш өтті.