Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Белгілі жазушы, журналист Бақыт Мустафиннің туғанына 75 жыл толуына арналған "Жарқын бейнесі жадымызда" атты еске алу кеші

Қатысушылар өз сөздерінде әрқашан адалдықты, кішіпейілдікті, өз ісіне берілгендікті өміріне ту етіп ұстаған Бақыт Мұстафиннің қазақ әдебиетіне қосқан мол үлесіне жан-жақты тоқталды. «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінде қатардағы әдеби қызметкерден бас редакторға дейінгі өткен еңбек жолы туралы әңгімеледі. Күйбең тіршілігі көп газет шығару ісіне қарамастан, ол шығармашылықпен айналысуды әсте есінен шығармай оннан артық кітапты жарыққа шығарғаны жайлы баяндады. Олар «Жайнаған жер», «Диқан жолы», «Далам-дәулет ордасы», «Жәлел Қизатов», «Құрманғали Сұрағанов», «Адам көркі-еңбек», «Таза көңіл», «Тәтті сәбіз», «Досыңды шақыр», «Сарыала күзді сағыну». Сондай-ақ жекелеген очерктері мен әңгімелері отызға жуық ұжымдық жинақтарда жарияланғаны сөз етілді. Бақыт Мұстафиннің сонымен қатар балалар жазушысы екені, оның балаларға арналған туындылары жеке кітап болып басылып шыққаны, Республикалық «Балдырған» журналында үнемі жарияланып тұрғаны, конкурстарда бірнеше мәрте бәйге алып лауреат атанғаны туралы да айтылды. Бақыт Мұстафин балалар жазушысы ретінде орыс оқырмандарына да танымал екені, оның балаларға арналған әңгімелері одақтық орыс тілінде шығатын «Костер» журналында да басылып тұрғаны әңгімеленді. Бақыт Мұстафиннің шығармашылығын Халық жазушысы Сафуан Шаймерденов, Герольд Бельгер, Кәкімбек Салықов, Ербол Шаймерденов т.б. жоғары бағалағаны да айтылды. Бақыт Мұстафиннің өмірінің соңғы жылдарында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтында журналистика факультетінің студенттеріне дәріс беріп, болашақ журналистерді дайындағаны жайлы айтылды. Оның журналист-әріптестері Бақыт Мұстафиннің парасатты басшы, қамқор аға, іскер қызметкер, ақ жүрек, ақ ниетті адам болғаны жайлы, ал достары – замандастары оның адамгершілік қасиеттеріне жан-жақты тоқталды.
Шара барысында студенттер шығармаларынан үзінділер оқыды.
Шараға «Көрнекті жазушы, журналист» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Халқымен бірге мәңгілік» атты слайд көрсетілді.
Жазушының жұбайы Дәмелі Бүркенқызы Мұстафина сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Комментарии (0)