Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Талант тағылымы

20 марта 2012 -

 2012 жылдың 20 наурызы күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Талант тағылымы» атты Мүсірепов оқулары қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Қатысқандар: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенттері, колледждің оқушылары, қала мектептерінің мұғалімдері, педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары, «Қаламгер» клубының мүшелері .
Шараға қатысып сөз сөйлегендер – белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мүтәллап Қанғожин ұлы жазушымен 1974 жылдан бастап талай рет кездесіп, ағалық кеңесін тыңдаған, жақсы пікірін алған інілерінің бірі екенін атап айтты. Ол жазушының өз аузынан естіген шығармаларының шығу тарихына тоқталып, шығармаларын жазуға орыс әдебиетін көп оқығандығының пайдасы тигенін, орыс жазушыларымен достық және шығармашылық байланыста болғанын сөзге тиек етті. Сол кездесулер кезінде Ғабит Мүсіреповке арнап шығарған «Бәйтерек» және «Елтінжалда» деген өлеңдерін оқып берді. Белгілі өлкетанушы, ардагер ұстаз, «Асыл мұра» орталығының ғылыми қызметкері Қайролла Мұқанов «Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов қарым-қатынасы» деген тақырыпта ой толғады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Зылиха Бимақанова «Ғабит Мүсіреповтің дәстүрлі қазақ қоғамы мен мәдениетіне тарихи көзқарасы және еңбектеріндегі ұлт-азаттық көтерілісі» деген тақырыпта баяндады. Тіл және әдебиет институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Құлыбекова «Ғабиттанудың Жоғары оқу орындарында оқытылу мәселелері» деген тақырыпта, осы институттың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сабина Ағыбаева «Сюжет романа Г.Мусрепова «Улпан – ее имя» в контексте традиций национальной литературы» деген тақырыпта баяндамалар жасады. Қаламыздағы Ғабит Мүсірепов атындағы N43 мектептің директоры Роза Саркен «Воспитание на духовном наследии Габита» деген тақырыпта сөйледі. Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері Анатолий Наргеленас шығармаларынан үзінділер оқыды. Өнер колледжінің студенті Бибіжамал Ырысмамбет Ғабит Мүсіреповтің сүйіп тыңдайтын халық әндерін орындады.
«Көркем сөздің зергері» - «Мастер чеканного слова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.. «Талант тағылымы» атты слайд көрсетілді.

Комментарии (0)