Северо-Казахстанская областная универсальная
научная библиотека им. Сабита Муканова
Регистрация

Добро пожаловать в крупнейший информационный, образовательный и культурный центр, формирующий и поддерживающий современный уровень знаний, интеллекта и культуры в Северо – Казахстанском регионе.

Абильмажинова Б.М – директор ОУНБ им.Сабита Муканова.

Устав, Положение клуба "Қаламгер"

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана "Мәдени мұра"орталығы
"Қаламгер" клубының Жарғысы
Клубтың ұраны:
"Қаламнан күшті қару жоқ" Қабдеш Жұмаділов

І.Жалпы ережелер.
1.1. Клуб жазушыларды, ақындарды, журналистерді, шығармашылықпен айналысатын барлық адамдарды біріктіреді.
1.2. Клубтың басқару міндетін клубтың басшысы және жыл сайын жалпы жиналыста сайланатын Кеңес атқарады.
1.3. Клуб мәжілістерінің өтуі клубтың алдында тұрған міндеттерімен анықталады.
2. Клубтың мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Шығармашылық зиялы қауымның мәдени сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу.
2.2. Жергілікті авторлардың шығармаларын кеңінен насихаттау.
2.3. Шығармашылықты жаңа бастағандарға көмек көрсету (жас ақындарға, жазушыларға).
2.4. Жас әдебиетшілердің мақалаларының мерзімді басылымдарда жариялануына көмек көрсету.
2.5. Бұқаралық ақпарат құралдарында клубтың жұмысы туралы жариялау.
2.6. Бөлімнің қолжазба қорын жасау.

3. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.
3.1. Сәбит Мүқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың осы Жарғыны қолдайтын кез келген оқырманы клуб мүшесі бола алады.
3.2. Клуб мүшелерінің мынадай құқықтары бар:
- клуб жұмысына белсене қатысуға;
- бөлім қоры туралы толық ақпарат алуға;
- клуб жұмысын жоспарлауға қатысуға және ұсыныстар енгізуге;
- клуб Кеңесіне ұсынылуға және сайлануға.
3.3. Клуб мүшелері мынаған міндетті:
- клуб қызметінс белсене қатысуға;
- кітапхана мен клубтың беделін көтеруге тырысуға;
- көпшілік шараларды ұйымдастыруға көмектесуге.

 "Қаламгер" клубы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер.
1.1. "Қаламгер" клубы Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК оқырмандарын - жазушыларды, ақындарды, журналистерді, шығармашылықпен айналысатын барлық адамдарды біріктіретін бірлестік болып саналады.
1.2. Клубтың барлық жұмысы клуб Кеңесі сайлаған басшымен, оның мүшелерінің кең бастамашылығымеи жүзеге асады.
1.3. Клуб мүшелерінің саны 25-30 адам және одан да көп бола алады.
1.4. Клуб Кеңесі клубтың жоспарын талдайды және бекітеді, жылдың аяғында жұмыстың жылдық қорытындысын шығарады.
1.5. Нақты жағдайларды ескере отыра, клуб осы Ереженің негізінде өзінің Жарғысын құрастырады.
2. Клуб жұмысының басты бағыттары.
2.1 Көркем әдебиетті насихаттау.
2.2. Клубты жалпы қызығушылықтары бірдей адамдардың бір- бірімен кездесетін жері қылу керек.
2.3. Клуб мүшелерінің шығармашылық жоспарларып талдау және тәжірибелерімен алмасу.
2.4. Жаңадан шығармашылықпен айналысуды бастаған жас оқырмандарға шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік туғызу (клуб мүшелері).
2.5. Олардың шығармашылық қызығушылығын дамытуға жағдай жасайтын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармеи байланыс орнату ( СҚМУ-дің оқытушы-филологтары, филология және журналистика факультеттерінің студенттері, "Солтүстік Қазақстан" газетінің редакциясы, Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма, өлкетану мұражайы жанындағы әдеби бірлестік, "Асыл мұра" орталығы, "Қазақ тілі" қоғамы, орта білім беретін мекемелер).
3. Жұмыс түрлері.
3.1. Әдеби-музыкалық кештерді, портрет-кештерін, кездесулерді, жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін, шолуларды, кітап көрмелерін ұйымдастыру.
3.2. Жыл сайын Мұқанов оқуларын өткізу.
3.3. Клубты насихаттау үшін Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.
 

Комментарии (0)